Bugin

Екі ер адам мас күйінде өз досын өлтіріп алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: klike.net

Үш ер адам ішімдік ішіп,  қылмыскер атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Baza телеграм арнасына сілтеп.

Қайғылы оқиға Ресейдің Салехард қаласында болды. 8 шілде күні үш ер адам пәтерде ішімдік ішіп, отырыс соңы жанжалға ұласқан. Андрей есімді марқұм достар арасындағы даудан соң бөтелкелестерінен үйді босатуды сұрап, боғауыз сөз сөйлеген. 

Ішімдікке масайрағандар үйден қуған досынан кек алу үшін таяқпен төмпештеп, қолын кесіп, әбден азаптаған. Артынша Андрей есімді ер адам көз жұмды.

Алайда күдіктілер қылмыс болған орыннан қашып, ормандағы аңшылық үйіне тығылған. Бірақ адам өліміне қатысы бар деген күдікпен екі дос ұсталды.