Bugin

Суға кеткен 10 жасар баланың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Маңғыстау облысанда 10 жасар бала құтқарылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгін, 10 шілде күні Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауын патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары 2014 жылы туған баланы құтқарып, жағаға жеткізді.

"Белгілі болғандай, оны ағын үрлемелі шеңбермен  жағадан алысқа алып кеткен. Медициналық көмек қажет болмады", - делінген хабарламада.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.