Bugin

Нұрлан имам әлеуметтік желіде үлкен табысқа кенелгенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Белгілі дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы Tik-Tok желісінде үлкен табысқа кенелгенін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстандық дінтанушы әлеуметтік желінің арқасында 2000 мың АҚШ долларын жинаған. Алайда теолог маманның өзі мұндай пайда тапқанын мүлдем білмеген екен. Оның табысқа кенелгенін белгілі мобилограф Қыран Талапбек айтты. Видеоблогер дінтанушының Tik-Tok парақшасын қарап отырып, оның 2000 доллар жинағанын көріп қалған.

Ойламаған жерден табысқа кенелген имам бұл ақшамен оқырмандарын қуантпақ.

"Осыны оқырмандарыма жұмсаймын. Менімен бірге Меккеге қажылыққа баратын адамға сыйлаймын", - деп жазды ол. 

Еске салайық, бұған дейін белгілі тележүргізуші ерекше баласын емдеу үшін неден бас тартқанын хабарлаған едік.