Bugin
Фото: инстаграм @gulmir_ktk
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай жантүршігерлік ақпаратты жеткізді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында сұмдық жағдайдың бетін ашты.
"Алматылық 47 жасар әйел іштегі майды алдырамын деп арты қайғылы жайтқа ұласты. Отадан кейін көзін ашып, туыстарына селфи фото жіберген әйелдің жағдайы кешке күрт нашарлайды. Ақыры жүрегі тоқтап, қайтыс болды", - делінген жазбада.
Қаза болған келіншектің артында 2 баласы, жары қалды.
"25 жыл мектепте жұмыс істеген марқұм “Ұлағатты ұстаз” деген медаль иесі. Операция жайлы ұзақ зерттеп, таңдаған клиникамен 1,6 айдан бері үздіксіз кеңес жүргізіп отырған. Отаға барлық анализдері лайық болған. Пластикалық хирургтер липоксациядан соң денсаулықтың асқынуы мүмкін екенін ескертпедік деп мойындап отыр", - деп жазды журналист.
Еске салайық, бұған дейін Нұрлан имам әлеуметтік желі арқылы қомақты қаражат жинағанын хабарлаған едік.