Bugin

25 жастағы келіншектің өліміне қатысты тың дерек айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Қырғызстанда 7 шілде күні Айтұрған  Маматқұлова есімді келіншек өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы tmedia.kg инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

25 жастағы келіншек дәріден уланған. Бірақ туыстары бұл ақпаратқа сенбейді. Олар күйеубаласынан күдіктенуде.

"Оқиға таңғы 04:30 шамасында болған. Біз сағат 10:00-де естідік. Барсақ мәйітханада жатыр екен", - дейді марқұмның ағасы Нұрсұлтан Сейітов. 

Айтұрған Маматқұлова 2023 жылдың шілде айында тұрмысқа шыққан. 1 жыл ішінде екі жас ажырасуға бел байлап, қайта қосылған. Олар заңды некеге тұрмаған. 

"Қызым кісі қолынан қаза болды. Мен күйеубала өлтірді деп ойлаймын. Ұрып өлтіріп қойған сияқты. "Дәрі ішіп өлді" дегенге сенбеймін" , - дейді марқұмның анасы.

Еске салайық, бұған дейін 25 жастағы келіншектің өлімі елдің жағасын ұстатқанын хабарлаған едік.