Bugin
Фото: Sarbayev University
Негізгі ҰБТ тапсыру мерзімі 12 шілде күні аяқталған. Ұлттық тестілеу орталығы қорытындысы бойынша республика бойынша 181 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Талапкерлердің 75,1 пайызы қазақ тілінде, 24,8 пайызы орыс тілінде, 168 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Шекті балды 76,4 пайызға жуық (139 мың) талапкер жинады; Орташа балл – 68 балл. 641 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты", - делінген хабарламада.
Бірақ 628 талапкердің нәтижесі жойылған. Себебі олардың ҰТО ережесін бұзғаны анықталды.
"Смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 393 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 188 адам шығарылды; бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 47 адамның нәтижесі жойылды; Бөгде тұлғалар анықталған жоқ", - дейді орталық мамандары.