Bugin

Сел кезінде КамАЗ көлігі езіп кеткен ер адамның видеосы тарады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Қырғызстанда селден қашқан тұрғын КамАЗ көлігінің астына түсіп қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы kg_media_news инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Оқиға Қырғызстанның Ош қаласындағы сел кезінде болған.  Қайғылы жағдай видеоға түсіп қалған. Кадрдан КамАЗ көлігінің оң жақ есігіне ілініп тұрған ер адамның құлап, көліктің астына түсіп кеткенін көруге болады. Ер адам оқиға орнында қаза болған. 

Еске салайық,  бұған дейін Қырғызстанда болған селден 2 адамның қаза болғанын хабарлаған едік. Сонымен қатар анасы мен 3 қыздың селде ағып кеткенін хабарладық.