Bugin

“12 жаста зорланған”: Танымал адвокат Бас прокуратураға шүйлікті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева Бас прокуратураның ісін сынады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұған дейін, тергеуші 12 жаста зорланған қыздың телефонындағы дәлелдерді өшіріп тастағанын хабарлаған едік. Осы іс бойынша Бас прокуратура  полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігін шешпеген.

“12 жаста зорланған қыздың ісін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының полиция қызметкерлері 2 рет қысқартып тастаған. Жуырда ғана Бас прокуратурадан хабарласты. Олар “не себепті шулатып, барлық жерге хат жазасыз?” деп, бізге шүйлікті”, - деп жазды адвокат.

Құқық қорғаушы елімізде заңның қадағаланбай жүргенін айтты.