Bugin
Фото: инстаграм @kg_media_news
Қырғызстанда сел кезінде жоғалған келіншектің денесі Өзбекстаннан табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы kg_media_news инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Кеше, 16 шілде күні 1985 жылы туылған келіншектің денесі Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы сайдан табылды. 14 шілде күні Ош қаласында келіншекті сел ағызып кеткен.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда болған селден 2 адамның мәйіті табылғанын хабарлаған едік. Сел жүріп бір үйдің 4 адамы қаза болғанын хабарладық.