Bugin

Танымал журналист шетелдегі қазақ балалары туралы тың мәлімет айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @janar_baisemiz

Белгілі журналист шетелдегі қазақ балаларының басын қосты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Журналист Жанар Байсеміз әлеуметтік желідегі парақшасында Америкадан келген Әнел мен канадалық Жандостың кездескені туралы айтты.

“Әнел мен Жандосты бір-біріне таныстырдым. Әнел-Америкадан, Жандос-Канададан. Қазақстаннан асырап алынған балалар. Менің үйімде кездесіп, достасты. Келесі күні Шымбұлаққа шықты”, - деп жазды журналист. 

Жанар Байсеміз канадалық қонақтарды – Жандос және оны асырап алған ата-анасын сый-сияпатпен шығарып салғанын айтты. 

Еске салайық, бұған дейін канадалықтар асырап алған қазақ баласы 17 жылдан кейін анасымен кездескенін хабарлаған едік.