Bugin
Фото: almaty _news
Алматыда автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жантүршігердік апат 16 шілде күні жолаушылар автобусының қатысуымен болған.
ПД қоғамдық көлік жеке үйдің қоршауына барып соғылған.
"Оқыс оқиға бүгін сағат 09:15-те Алматының Наурызбай ауданында болды. Әшімов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Шаляпин бойындағы аялдамаға тоқтаған №137 маршруттық автобуспен соқтығысқан. Нәтижесінде автобус инерция арқылы Шығыс жолға шығып, жеке үйдің қоршауына соғылды. Апат салдарынан автобустың тоғыз жолаушысы зардап шекті", - деді қалалық ПД.