Hi-Tech

Юрий Гагарин ғарышта қанша уақыт болған?

Неге 12 cәуірді ғарышкерлер күні деп атайды? Себебі, осыдан 57 жыл бұрын тарихта алғаш рет КСРО азаматы Юрий Гагарин ғарыш кемесімен әуеге көтерілді. Бұл айтулы жайт 12 сәуір күні Байқоңыр ғарыш айлағында таңғы сағат 6:07-де «Восток-1» кемесімен орын алды. Кеме бірінші рет Жер кеңістігінен шығып, планетамызды 1 рет айналып шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

- Бұл ғарыш сапары алғаш рет орын алғандықтан, небары 108 минутқа созылған. Аталмыш уақыт ішінде кеме Жерден 329 км биіктікте 10 873 шақырым жылдамдықпен жүріп, қайта Жерге оралды.

- «Восток – 1» кемесімен адам бірінші рет ұшқандықтан, бүгінгі күндегідей толыққанды жетілмеп еді. Сондықтан да Юрий Гагарин Жерге қайтар жолда өте қатты жылдамдықпен құлаған кемеден 6,4 км биіктікте секіруіне тура келді.

- Юрий Гагарин әлемді таңғалдырған қадамға небары 27 жасында барды. Осы әрекетінен соң, ол КСРО-ның халық батыры атағын иеленді. Өкінішке орай, Гагарин тек осы жалғыз сапарымен шектеліп қалды.

- Бастапқы сәтте ғарышқа ұшатын кандитаттардың саны 20-дан астам болатын. Алайда Гагаринның өзге серіктестерінің арасындағы атағы мен бойының кіші болуы (152 см) ұшуына көмектесті.

- Алғашқы ғарышкер 1968 жылы 34 жасында ажалын әуеден тапты. Ол мінген Миг -15 тікұшағы Киржач қаласы маңында құлаған еді.

  • 12 сәуір күні КСРО ғарышты бағындырған сәт ретінде тарихта қалғанымен, бірнеше адам құрбан болды. Ең алғаш 1957 жылы ұшқыш Ледовский қаза тапса, одан кейін де 10 шақты адам қаза тапқан. Соның бірі 1961 жылы сәуір айында Владимир Ильюшин. Ол Жерді 3 рет айналып, қайтар жолда қаза тапқан.
  • 1962 жылдан бастап 12 сәуір КСРО үшін ғарыш күні ретінде аталып келеді. Ал халықаралық статусты 1968 жылы иеленді.