Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Әйелін өлтірген экс-министрдің жазасын қайда өтейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтты.
Сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын өтеу үшін колонияға әлі жеткізілмеген.
"Сотталған Бишімбаев уақытша ұстау изоляторынан түзеу мекемесіне әлі ауыстырылған жоқ. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді", - деді Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы.
Аталған мекемеде жазасын өтеушілер үшін түрлі жұмыстар қарастырылған.
"Жұмыспен қамту мәселесіне келсек, иә, біз сотталғандарды жұмысқа орналастырамыз. Біздегі өндірістік аймақтарда әртүрлі жұмыс бар, ол ағаш өңдеу ісі, металл өңдеу ісі бағыттары бойынша "Еңбек" РМК-ға жұмысқа орналаса алады. Біздің әр мекемеде жұмыспен қамту бөлімі бар, солар осы мәселемен тікелей айналысады. Сондықтан барғаннан кейін басқа да сотталғандар сияқты 15 күн карантинде болады, бізге келгенде, біз оны зерттеп, карантиннен кейін тиісті отрядқа орналастырып, комиссиялық тексеруден өткіземіз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін елімізде бірнеше аймақтарда сағаттың артқа жылжуы мүмкін екенін айтқан едік.