Bugin

Түркістан облысында тағы бір қыз дәретханадан табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @gulmir_ktk

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Түркістан облысында тағы бір қыз дәретханадан табылғанын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Журналистің мәліметінше, оқиға осыдан 2 ай бұрын денесі дәретханадан табылған 3 жасар Асылымның ауылында болған. Тіпті дәретханаға түсіп кеткен 5 жасар қыз марқұмның көршісі екен.

“Енді қараңыз, сол ауылда, сол көшеде марқұммен көрші тұратын 5 жасар қыз да 2 күн бұрын дәл осы оқиғаны бастан кешті. Айтуына қарағанда, оны бір адам “кішкентай көжектер көрсетемін” деп шақырған. Әрі қарай қорқынышты енді“, - деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Қазір аман-есен табылған қызды дәрігерлер тексеріп жатыр.