Bugin

“4 бауыры бар”: 10 айында шетелдіктер асырап алған бала туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

“Шетелдегі қазақ балалары” жобасының авторы Жанар Байсеміз канадалықтар асырап алған Жандосты ата-анасымен бірге үйіне қонаққа шақырды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы журналистің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Оның мәліметінше, Жандос Жанар Байсемізден ата-анасын тауып беруін сұраған. Жандос Қазақстанға келіп, анасымен қауышқанын хабарлаған едік. 

“Жандостың өтініші бойынша біз оның туған анасын тауып бердік. Сөйтіп, он айлығында Канададан қорған тапқан бозбала жақындарымен кездесу үшін асырап алған ата-анасымен бірге Қазақстанға келді. Астананы аралады. Туған жері Ақтауға барды. Өзіне мына жарық дүниені сыйлаған анасымен қауышып, бауырларымен табысып, мауқын басты. Жандостың бір анадан туған ағасы мен үш бірдей інісі бар. Осылайша 17 жылдан кейін бір үйдің бес ұлының басы бірікті”, - деп жазды ол. 

Жанар Байсеміз Жандосты асырап алған ата-анасы туралы ойын айтты.

“Жандостың канадалық ата-анасы тамаша адамдар екен. Қазақша айтқанда, аузын ашса көмейі көрінетін жайдары жандар. Жандостың бағы жанып, өте жақсы кісілер бағып алыпты”, - делінген жазбада.

Ақтаудағы сапардан кейін Жандос және оның ата-анасы Жанар Байсеміздің үйіне келген.