Bugin

Ақтөбеде 16 жастағы жігіт жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @aqtobe_sergek

Aqtobe_sergek инстаграм парақшасында 16 жастағы жасөспірімге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

“13 шілдеде сағат 18.00 шамасында 2008 жылы туған Сұлтан Бейбарыс Әсетұлы үйден шығып кеткен. Киімі: қара түсті спорттық костюм, ақ түсті футболка, сұр түсті трико,  ақ түсті аяқ киім. Белгілері: бойы - 170-175 см, дене бітімі - арық, шашы - бұйра қара, қасы - жұқа, мұрны - түзу, ерні - жұқа”, - делінген жазбада. 

Еске салайық, бұған дейін 40 жастағы ер адам жоғалып кеткенін хабарлаған едік.