Bugin
Фото: инстаграм @mirzhansatkanov
Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Бұл туралы экс-әкім инстаграм парақшасында мәлімдеді.
"Қымбатты оралдықтар, қадірлі жерлестер! Бүгін Орал қаласының әкімі қызметінен кеткенімді хабарлаймын. Мен үшін бұл қызметте екі жылдан астам оралдықтармен қоян-қолтық жұмыс істеу үлкен мәртебе болғанын айтқым келеді", - деп жазады Миржан Сатқанов.
Ол денсаулығы сыр бергенін айтты.
"Алайда көктемде қаламызда су тасқыны болып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім. Біз барша оралдықтармен бірге үлкен жұмыс жасадық деп ойлаймын. Тек көктемгі су тасқынымен күресіп, оның салдарын жоюмен айналысқан кезде ғана емес, сонымен бірге екі жыл бойы сүйікті қаламызды одан әрі көркейтуге тырыстық. Бұл – туған жеріне жанашыр әр азаматтың өлшеусіз еңбегі", - деп жазды экс-әкім.
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында ер адам 21 жастағы әйелін өлтіргенін хабарлаған едік.