Bugin
Фото: инстаграм @gulmir_ktk
Алматыда арықтау үшін операцияға келіскен әйел қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұған дейін Алматыда арықтаймын деп ажал құшқан ұстаз туралы хабарлаған едік. Гүлмира Әбіқай YouTube арнасында марқұм Құралай Батырханованың сіңлісінен сұхбат алды.
“2-3 жыл бойы инстаграмнан қарап жүрді. Өзі болмысынан толық еді. Жатырына операция жасалғаннан кейін тағы толды. Бұл клиникаға ешқандай күмән болмады. Бәрін зерттедік. Дәрігерлердің тарихымен таныстық. “5 кг май аламыз” деді. “Кейін қалғаны кетеді” деді. Біз сендік”, - дейді Сәулет Батырхан.
Марқұмның сіңлісі ота болған күнді еске алды.
“Ота таңғы 7:45 шамасында жасалған. 12:42-де палатаға жатқызған. Содан кейін хабар болмады. Біз қайта-қайта жаздық. Сағат 17:00-де біз дабыл қаға бастадық. Бізді шақырды. “Жағдайы ауыр” деді. Бірақ ештеңе айтпады. Біз полиция шақырдық. Шу болып кетті”, - дейді марқұмның сіңлісі.
Құралай Батырханованың туыстары лицензиясы бөлек, атауы басқа клиниканы айыптап отыр.