Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Белгілі актер Азамат Сатыбалды өзін әлдекімдердің қорқытып жүргені туралы айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget TV YouTube арнасына сілтеме жасап.
"Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды басшы болып келгелі түрлі жағдайлар орын алғанын жасырмады.
"Ондайдың талайын көрдім. Оған қыста да куә болдыңыздар. Авто кешен жасап жіберді деп сөккен еді. Әрбір сілкініс сені тазалайды. Мені күнде қорқытады. Кеше де қорқытты. Бірақ мен қоян жүрек адам емеспін ғой. Мен өзімнің істеп жатқан жұмысымды білемін. Егер мен басқа адам болсам, мен қыста болған жағдайдан кейін, кешегі оқиғадан кейін қолымды бір сілтеп кетіп қалар едім. Олай жасауға жағдайым жетеді. Бір қызметке тәуелді адам емеспін. Құдайға шүкір, сұранысқа ие актермін. Осылардың барлығы жан-жақтан талап жатқан кезде менде "спортивный интерес" кетті. Мен дәлелдеу керекпін, жұмыс істеу керекпін. Менде аманат бар. Аманатқа қиянат жасамау керек. Ертең ана өмірге барған кезде Шәкен ағаның көзіне тік қарауым керек. "Не істедің?" деген кезде "барымды салдым" деп айту үшін жұмыс істеп, тоқтамауым керек екенін түүсіндім", - деді актер.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әйел адамның денесі табылғанын хабарлаған едік.