Bugin

Қызылордада 2 күн бұрын жоғалған жігіттің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram.com

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі күйде табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жоғалған азаматты іздестіру жұмыстарына екі күн бойы Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты. 

"23 шілде күні жоғалған адамның денесі табылды. Аталған дерек Қызылорда қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне тіркелді. Өлімнің нақты себебі анықталуда. Бұл мақсатта қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы күтілуде. Жеке басы анықталған. Тергеу әрекеттері жалғасуда", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Азамат Сатыбалдыны әлдекімдердің қорқытып жүргені туралы хабарлаған едік.