Bugin

Зауыттағы апат: тағы 3 адам қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен тағы 3 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Денесінің 90 пайызын күйік шалған 1999 жылы туған, жағдайы өте ауыр болған науқас қайтыс болды", - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері. 

Төтенше жағдайдан зардап шеккен тағы 2 адам қаза болды. 

"1981 және 1987 жылы туылған науқастар есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігеріп салып, күресті", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.

Адамчук Дмитро балқыту цехының механигі, Төлеген Жетпісбаев бас механик қызметінің шебері болып жұмыс істеген. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмғанын хабарлаған едік.