Bugin

Майқайыңдағы апатқа қатысты тағы бір ақпарат айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Павлодар әкімінің баспасөз қызметі

6 ай бұрын Павлодар облысындағы апаттан жоғалған автобус табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде кеше кешкісін қазба жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылды. Ауа райының қолайсыздығы –  жаңбыр мен жел және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуде.

Бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы көрінді.

"55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Жақын арада іздестіру жұмыстары нәтиже береді деген үміттеміз", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесі табылғанын хабарлаған едік.