Bugin

Үйленуге келіспеген қызды зорлаған жігіт елдің жағасын ұстатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Әлеуметтік желіде 20 жастағы қызды алдымен үйлену мақсатында ұрлап әкетіп, кейін зорлағаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

 "Шымкенттік ер адам алдымен 20 жастағы қызды ұрлап әкеткен, Ол қыздың келіспегенін көрген соң, оны зорлаған. Жігіттің туыстары қыздың ата-анасына "қуанышты" хабарды жеткізген. Жәбірленушінің жақындары екеуін үйлендіруге келіскен. Қызды құрбылары құтқарып қалды", - деп жазады Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасы.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Осы фактке қатысы бар тұлғалардың полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 
 

Еске салайық, бұған дейін ер адам 2 қызын зорлағаны туралы хабарлаған едік.