Bugin

Сәбилі болған 12 жастағы қыздың отбасы туралы жаға ұстатар ақпарат тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @rupr_pvlshakenova

Павлодар облысында 12 жастағы оқушы ана атанды. Ол қыз бала дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева ана атанған оқушының үйіне барғанын әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

Қыздың отбасы 2019 жылы Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келген. Оқушының анасы кішкентайының күтіміне байланысты үйде отыр, жұмыссыз. Анасы оқи да, жаза да алмайды. Тек есімін ғана жазады. Ал әкесі мезгілдік жұмыс ретінде мектепте от жағады. Қазір жұмыссыз. 

Ата-ана үлкен қыздарының жүктілігі туралы 2024 жылдың 3 сәуірінде мұғалімдерден білген. Сол күні УДЗ жасалып, жүктілік расталған. УДЗ-дан кейін қыз 19 шілдеге дейін аудандық ауруханада дәрігерлердің бақылауына алынған.