Weekend

Заманауи философиядағы толағай қазақ – Жабайхан Әбділдин

Үздік түлек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ даналығының дәрежесін аспандатып, кәсіби филосифияның дамып, даңғыл жолға түсуіне зор үлесін қосып жүрген академик ғалымдар саусақпен санарлықтай. Солардың бірі де бірегейі- Жабайхан Әбділдин Мүбаракұлы. Жабайхан Мүбәрәкүлы Әбділдин — қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, ғалым. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері ҚР тұңғыш парезидентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері. Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салушы. Майтүбек ауылының Құрметті азаматы.

Қазақ кәсәби философия ғылымының қалыптасуы мен қадам басуы, ардақты академиктің ерен еңбегі мен білімдарлығының арқасы. Жабайхан Әбділдин – «Қазақстандағы диалектика, диалектикалық логика ғылыми мектебінің негізін қалаушысы» деген бір ауыз анықтама осынау аса көрнекті философ ғалымның болмыс-бағасын барынша әділ де дәл айқындап тұрған сыңайлы.

Саналы ғұмырында талмай еңбек еткен Жабайхан Әбділдиннің бастамасымен еімізде көптеген философиялық еңбектер жарық көрді, халықаралық форумдар өтіп, Алматы қаласы ғылыми орталыққа айналды. Нәтиежелі жұмыстың арқасында қазақтың философия ғылымы әлемдік деңгейге көтеріле бастады. Қазақстандық философияның қозғаушы, қорғаушысы десек артық айтпағандық болар еді.

Жастайынан ғылымға деген қызығушылы Жабайхан Мүбаракұлын осындай дәрежеге дейін алып келді. 1954 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін бітірген. Кандидаттық диссертациясының өзін Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасында 25 жасында қорғады. 1963 жылы, Ж.Әбділдин жетекшілігімен жарық көрген «Таным логикасы мен диалектикасының мәселелері» атты ұжымдық монография күллі кеңестер елі бойынша ғылыми жұртшылықтың жоғары бағасын алып қана қоймай, «диалектикалық

логиканы зерттеп жасақтауға қосылған елеулі үлес» деп танылды, «барлық бұрынғыларымен салыстырғанда бір қадам ілгері жылжу» деп бағаланды. Қазақтың Әбділдині әлем философтарының алдыңғы шебіне осылайша жол салды.

Мәртебелі халықаралық атақ-сыйлықтармен марапатталды. Таным. Идея. Бастама. Нақтылық. Қайшылық. Заттану мен затсыздану. Түптің түбінде ақиқатқа жетудің диалектикасы мен логикасы. Заманауи философиядағы осы түпсіз тұңғиықтардың сырына бойлаған, айдынында еркін құлаштап жүзген тұңғыш толағай қазақ Жабайхан Әбділдин...

Ғұлама ғалымның өмір бойғы шығармаларының алтын тәжіндей атақты еңбегі – төрт томдық «Диалектикалық логика» Гегельдің әйгілі «Логика ғылымымен» барабар деп бағаланды.

Болашақ философ ғалым болмысының қалыптасуына, санасының халық даналығымен сәулеленуіне осы эпостық жырларды оқудың пайдасы керемет болған. Адамгершілік, ақыл, ойлау, тапқырлық... бәрі осында тұнып тұр.

Міне, сол айтқанындай, академик Әбділдин өмір бойы іздеп, іздегенін тауып, тапқанына қуанып, сол қуанышымен бақытқа бөленіп келе жатқан адам. Бұл жағынан Жабайхан Мүбәрәкұлы Абай атам айтатын «толық адам» қатарынан ойып тұрып орын алады. Сексен бестің сеңгіріндегі ағамыз күні бүгінде үнемі ізденіс күйін кешуде. Адамгершілік пен сұлулық, адам мен ақыл хақында толғануда. Адам қартайса да, ақыл шаршамайды. . Философия ақыл-ой ғылымы ғой. Ұғу қиын. Ал сол философияны ұғып қана қоймай келер ұрпаққа жеткізу тұнып тұрған даналық.