Bugin

“Тас басып қалыпты”: Мәйіті табылған Айдос Шаймерден туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @nursulu_shaumerden

Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жан тебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Майқайыңдағы опырылған жер астына құлап, қаза болған Айдос Шаймерденнің жары Нұрсұлу Шаймерден жан сырын айтты. 

“6 ай өткенімен денесі сол күйі, еш бұзылмапты. Иіс те жоқ, тек жүдеу. Жәй ғана қалғып кеткен сияқты. Күнде "келеді, тірі" деп ойлап жүргенімде 6 ай 15 күн өтіпті. Денесі табылды дегенде тірі табылғандай қуандық. Құм емес Айдосты тас басып қалыпты", - деді марқұмның жары. 

Еске салайық, бұған дейін Майқайыңда жер астына түсіп кеткен соңғы құтқарушының денесі табылғанын хабарлаған едік.