Bugin

Астанада жоғалған кәсіпкер өлі күйінде табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Media.az

Астанада жоғалған кәсіпкердің денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сайт мәліметінше, денесі Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағынан табылған.

Ақмола облысы ПД қызметінің мәліметінше, Астана тұрғынының өліміне байланысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Істі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс аумақтық жағынан Астана қаласының полиция департаментіне беріледі", - деп түсіндірді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.