ҚОҒАМ
Фото: инстаграм @nursulu_shaimerden
"Майқайың" кенішінде мерт болған Айдос Шаймерденнің әйелі Нұрсұлу Шаймерден қазақстандықтарға үндеу жасады деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"198 күн бойы мен соның басында жүрдім. Күніне кемінде екі рет шұңқырдың басына келіп жүрдім. Сол кезде сіздердің өмірлеріңізге қауіп төнгенін өз көзіммен көрдім. Бірақ соған қарамастан азаматтарды алып шыққандарыңыз үшін рақмет айтамын.
Бірінші айда күйеуімді тірі деп ойладық. Демалып жатқан шығар деп үміт ұялаттық. Бірақ өкінішке қарай, олай болмай шықты", - деді марқұмның әйелі.
Еске салайық, 25 шілдеде Майқайыңда шахтаға құлап, мерт болғн төртінші құтқарушының денесі табылған болатын. Ол Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі соңғы құтқарушы — жүргізуші Айып Тілеубергенов болып шықты.
Бұған дейін Айдос Шаймерденнің отбасына қандай көмек көрсетілгені туралы жазған едік.