Bugin
Фото: w-dog.ru
Ақмола облысында бір отбасы суға кетті, деп хабарлайды bugin.kz порталы kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 адамның өмірі Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 шақырым жердегі Астана су қоймасында қиылған.
"Төртеуі де бір отбасының мүшелері. 1980 жылы туған әйел мен 2001 жылы туған қыздың денелерін куәгерлер тапты. 1977 және 2000 жылы туған екі ер адамның денесін Ақмола облысы және Астана қаласының ТЖД құтқарушылары іздеп жатыр", - делінген хабарламада.
Ведомстводан отбасы мүшелерінің шомылуға тыйым салынған жерде суға кеткені айтылды. Ақмола облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.