МӘДЕНИЕТ
Фото: Bugin.kz
2024 жылдың 5-22 тамызы аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театрында театр директорының бұйрығымен 45 жасқа дейінгі әртістерге сахна қозғалысы, сахна тілі және актерлік шеберлік бойынша ГИТИС оқытушыларымен шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртістеріне ГИТИС оқытушыларымен шеберлік сабақтарын өткізу мақсаты: театр әлеміндегі жаһандық үрдістермен қатар серпінді даму, шеберлермен студенттерге тәлімгерлік сағаттарын өткізу арқылы актерлердің шеберлік сапасын жаңарту, қазақ мәдениеті мен өнері саласын бай дәстүрімізді жаңғырту үшін, жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Қазақ театр мектебін мәдени мұраның бір бөлігі ретінде қалыптастыруға деген талпыныс.
Театр өнерінің өмір сүру тарихындағы үш маңызды саласы – сахна тілі, сахна қозғалысы және актерлік шеберлік бойынша дайындықтың жоғарғы сапасын өз қабырғасында шоғырландырған ГИТИС-тің өзіндік ерекшелігі бар екені белгілі. Театрымыздың артистері осынау байырғы оқу орнының оқытушыларын елімізге шақыра отырып, актерлерімізбен шеберлік сабақтарын өткізуге, театр саласында сапалы білім беруде көшбасшы болып табылатын оқу орнының тәжірибесін меңгеруге, қазіргі таңда қолданылып жүрген сахна тілі, сахна қимылы, актерлік шеберлік саласы бойынша заманауи әдіс-тәсілдермен танысу барысында. Тәлімгерлерді атап айтсақ, «Сахна қозғалысы» бойынша шеберлік сабағынан ГИТИС-тің «Сахналық пластика» кафедрасының оқытушысы – Роберт Ахметович Елкибаев , «Актерлік шеберлік» бойынша, «Актер шеберлігі» кафедрасының С.И. Яшин және М.В. Скандаров шеберханасындағы аға оқытушы – Андрей Станиславович Оханян және «Сахна тілі» бойынша шеберлік сабағынан «Сахна тілі»кафедрасының аға оқытушысы, ректордың тәрбие ісі жөніндегі кеңесшісі – Татьяна Игоревна Васильева тәлімгерлік етуде.
100 жылдық мерейтой аясында театр әртістерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағдарламасын өткізу идеясы театр басшысының ұсынысымен негізделген – мәдени бірегейлік матрицасын қалыптастыру, актерлар мен театр қызметкерлерінің шеберлігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету; сайып келгенде, осы дағдыларды пайдалана отырып, ұлттық мәдениетті халықаралық кеңістікте сапалы түрде насихаттауды жүзеге асыруға, сонымен қатар театр өнері саласында әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті толыққанды кәсіби кадрларды қалыптастыруға жағдай жасайды.
Шеберлік сабақтарынан күтетініміз:
- ГИТИС оқытушыларының тәлімгерлік сабақтары арқылы театр актистерінің шығармашылық әлеуетін дамыту;
- Ресейлік серіктестермен кәсіби шығармашылық алмасу;
- Театр артистерінің біліктілігін жаңғырту және оны жетілдіру арқылы театрдың оқу-шығармашылық процестерінің мүмкіндіктерін кеңейту.