Bugin

4 адам көз жұмған зауыттағы апат: Жұмыс беруші кінәлі деп танылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: bugin.kz

 

Қарағандыдағы "YDD Corporation" ЖШС ферроқорытпа зауытындағы апаттан 8 жұмысшы зардап шегіп, төртеуі қаза тапқан еді. Комиссия тексерісінің нәтижесінде жұмыс берушінің кінәлі екенін анықталды, - деп хабарлайды bugin.kz порталы. 

 

Еңбек министрлігінің мәліметінше, комиссия мүшелері техникалық құжаттаманы, оқиға болған жерді тексеру нәтижелерін, сараптама ұйымының қорытындысын зерделегеннен кейін осындай қорытындыға келді.

"Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсер етуінің алдын алу бойынша шұғыл шараларды тиісті деңгейде қабылдамағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқауларды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтерін тиісті түрде жасамағаны анықталды", - делінген хабарламада.