Саясат

Шындықтан қаша алмайсың: Әділет жолы – ауыр жол

Қоғамдық мәселе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

21 сәуір күні Алматының «жылап» тұрғанына қарамастан, ұйымдастырылған марафон өтті. Таңғы 5-тен бастап әр көшеде полиция көліктері, құқық қорғау орындарының қызметкерлері мен белсенді жастар жұмыла іске кірісті. Тек Әл-Фараби мен Шашкин көшелерінің қилысында көзге түскен «Шындықтан қаша алмайсың» сөзі жазылған банер марафонның бағытын жүгіруден бұрын, саяси арнаға бұрып жіберді.

Осы іске қатысы бар деп тапқан үш адам – жастар. Ішінде кешегі алыптардың ұрпағы да бар. Атап айтқан кезде, Бейбарыс Толымбетов, Әсия Төлесова және Сүйінбике Сүлейменова.

Қоғамдық пікір ғана емес, үлкен наразылық тудырған бұл мәселеге бей-жай қараған адам болған жоқ. Себебі, айдың-күні аманда плакаттағы жазылған жазуы үшін ұсталғандардың жастар екенін ескерер болсақ, «Жастар жылындағы» жастарға жасалған қиянат деп ашық ойларын пост ретінде жазып жатқандардың қарасы көп.

Біз кешегі Үсенов, Байзақова, Роллан Назарлардың қандай жаза алғанын және одан кейінгі нәтиженің де қандай болғанын білеміз. Ақпарат көзінен бұрын, олардың өздері бастап қайта қолдарына ішімдік алғанын, көлікке отырғанын, өзінің хайптарын тоқтатпайтынын жеке парақшаларынан да көрдік. Көндік!

Кешегі оқиғадан кейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі ірі басылымдарға берген көлемді сұқбатын қайта қарап шықтық. «Елдің басшысы не деп еді?» деп үңілдік.

«Ал адам капиталы біз сияқты жері кең, елі шағын мем­лекет үшін аса өзекті фактор екені айтпаса да түсінікті.

Жалпы, әділеттілік – қоғамды өрке­ниетке жетелейтін, оның бет-бейнесін айқындайтын басты құндылық. Ол жоғалған сәтте азаматтар арасында наразылық туындайды».

Бұл президенттің сұқбат берген кезінде берген жауабы. Қоғамдық өркениетке, бет-бейнесін айқындауға жол алған жастардың істі болуы, президент айтып отырған азаматтар арасындағы наразылыққа алып келді.

«Жастар саясатында, жастар тәр­бие­сінде науқаншылдыққа, тиімділігі төмен шараларды ұйымдастыруға жол бермеу керек. Сондықтан кез келген шараны ғылыми негізге сүйеніп, жүйелі түрде жүзеге асырғанымыз жөн. Жастардың алға қойған мақсат-мүдделерін білу үшін науқаншылдық емес, нақты зерттеулер қажет. Жүйелі әрі кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізу арқылы жастардың мұң-мұқтажын, мақсат-мүдделерін анықтап, жастар саясатын сол қажеттіліктерге жауап беретін деңгейде ұйымдастыру маңызды. Біз жастарға білім беруді алдыңғы қатарға қоямыз. Тек білім ғана емес, отансүйгіштік рухта тәрибелеу ісін де басты назарда ұстау керек».

Екінші ұстанымым – әділеттілік. Бұл жалпыадамзаттық әрі дала демократия­сынан бастау алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық болатын. Оны жоғалтып алу адамзат үшін де, ұлт үшін де өзін өзі жоғалтып алумен бірдей.

Әділеттілік салтанат құрмаған қо­ғам­да тек қайшылық, қиыншылық, құлдырау үстемдік ететіні белгілі. Сондықтан әділетсіздікпен мемлекет, қоғам, әр адам күн сайын, бірігіп күресуіміз керек. Халқымыз айтқандай, «Әділет жолы – ауыр жол», бірақ ауыр болса да одан тура жол жоқ».


Иә, әділеттілік жоқ қоғамда өркендеу түгілі өмір сүру формуласы өзгереді. Президент айтқандай, әділеттілік – жалыпадамзаттық әрі дала демократиясынына бастау алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық.

Қазақстан халқына президент өзі айтқандай әділетті және адам капиталын жоғары қоятын қоғам және басшы керек. Сайлаудың әділ өтуіне және оған өз үнін қосуына, таңдау жасауына еліміздегі кез келген ҚР азаматының құқы бар.