Bugin

Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы әлем чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

Перудің Лима қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Ерұланұлы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Санжар Ерұланұлы финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңді. 

Әлем рейтингінде 5-ші орында тұрған отандасымыз әлем біріншілігін екінші айналымнан бастады. Жалпы жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсылас шақ келтірген жоқ. Алғашқы қарсыласы Мунгун Учрал Ууганбаярды (Моңғолия), одан кейін ширек финалда Гиорги Гелашвилиді (Грузия) жеңді. Ал жартылай финалда украиналық Аркадии Смаиловтан басым түскен болатын. 

Жасөспірімдер арасында сынға түскен Санжар Ерұланұлының бұл әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. 17 жасар Санжар бұған дейін 2024 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатын және Азия кубогін ұтқан, сондай-ақ Еуропа кубогінде күміс жүлдегер атанып үлгерген.