Bugin

"Қаза тапты": Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: otyrar.kz

Шымкентте болған ірі жол апатынан бір адам қаза тауып, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, апат Алматы тас жолында, "Жібек жолы" базарының жанында ("Құрсай" шағынауданында) болған.

Жол жұмыстары жүргізіліп жатқан жолда Opel Vectra жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Toyota Alphard-қа соқтығысқан.

"Экстренный вызов" бағдарламасының ақпараты бойынша, соқтығысудың қатты болғаны соншалық, Opel Vectra көлігінің қозғалтқышы жұлынып, шұңқырға құлап кеткен.

Opel жүргізушісі апат болған жерде қаза тауып, жеті адам зардап шекті. Олардың барлығы - Toyota Alphard салонында болып, Қызылордадан үйлеріне бет алған Өзбекстан азаматтары. 

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.