ДАМУ

Алматыда бизнес мүмкіндіктерін ашуға бағытталған қазақ тілінде форум өткізіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: sana.forum 

2024 жылы 21-22 қыркүйекте Алматы қаласында «Sana Business Forum 2.0» өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Sana Business Forum 2.0» — Қазақстандағы тұңғыш қазақша форум. Жиынның басты мақсаты — бизнес саласындағы жаңа трендтерді талқылау, кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайту және жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашу. Форумның қазақ тілінде өткізілуі — ұлттық тілді қолдау мен дамыту жолындағы маңызды қадам. Бұл шара қазақ тілінде үлкен кәсіби жобаларға бастама болады.

Форумның бағдарламасы:

Форумда спикерлер даму, инновация және серпіліс бағыттары бойынша кәсіби тақырыптарды қамтып, баяндамалар жасайды. Форумда төмендегі тақырыптар қамтылады:

  • Ұлттық кәсіпкерліктің экономикаға үлесі мен маңызы
  • Қаржылық интеллект және инвестиция: шағын және орта бизнес капиталға қалай қол жеткізеді?
  • Бизнестегі революция: Компанияны заманауи автоматтандыру технологиялары
  • Жасанды интеллектке негізделген бизнес трансформация: инновациялық шешімдер және бәсекелік артықшылық
  • Компанияның сату көлемін арттырудағы цифрлық технологиялар
  • Тұтынушыларға қызмет көрсетудегі инновациялық тәсілдер
  • Хаостан табысқа: Бизнесті жүйелеу арқылы көбірек сату
  • Сату және маркетинг: Әлеуметтік желілерде компания өнімдерін тиімді жылжыту стратегиялары
  • Жеке кәсіпкердің бренді: Әлеуметтік желіні бизнесті өсіруде қалай қолдану керек?
  • Көк мұхит стратегиясы: Бәсекелестіктен құтылу жолдары
  • Жеке кәсіпкердің өнімділігі және үздік CEO болу құпиялары

Форумның спикерлері:

  • Мақсат Халық, SANA FOUNDATION Қоғамдық Қорының төрағасы,
  • Жасұлан Кушебаев, SANA FOUNDATION Қоғамдық Қорының құрылтайшысы, МВА лекторы
  • Арслан Назаралиев, SONA Lab, Med Progress, Nomad, Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы
  • Болатбек Дәлелханұлы, Golden Bridge Partners серіктесінің негізін қалаушы және директоры
  • Гульбану Майгарина, Lanzhou ресторандар желісінің негізін қалаушы
  • Сырымбек Тау, белгілі кәсіпкер, меценат, және бизнес-тренер

Форумның тарихы:

«Sana Business Forum» алғашқы рет 2023 жылдың тамыз айында өтті. Форумның мақсаты — үкімет, бизнес және ғылым арасындағы байланысты орнату, ел экономикасының даму мәселелерін, сын-қатерлерін және мүмкіндіктерін талқылау болды. Форумға 50-ден аса сарапшы мен қонақтар, 300-ден астам қатысушы келді. Форум нәтижесінде ұлттық экономика моделінің сипаты, халықтың әл-ауқатын көтеру тәсілдері, өндірістік саясатты қалыптастырудың жолдары және шағын және орта бизнестің өзекті мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар үшін мүмкіндіктер:

Форумға қатысу арқылы сіз жаңа байланыстар орнатып, бизнесті өзгертуге арналған жаңа трендтер мен технологиялар туралы ақпарат аласыз, сонымен қатар, мықты нетворкинг мүмкіндіктерін пайдаланып, қолданбалы практиканы меңгере аласыз. Сондай-ақ, сіз бізге демеушілік көрсетіп, бизнес пен бизнестегі трендтер және оның мәселелерін талдауға қатыса аласыз.
 

Форумның өтетін күні: 21-22 қыркүйек
Мекен-жай: Алматы қ., Желтоқсан 181, InterContinental Almaty қонақ үйі.
Байланыс нөмірі: 87471926431