Bugin

Амур жолбарыстарын Қазақстанға не үшін әкеледі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: goodfon

Жақында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжіліс брифингінде Қазақстанға Нидерланды мен Ресейден ірі мысық тұқымдастарының санын қалпына келтіру үшін жолбарыстар әкелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Taspanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Зоолог, биоценология және аңшылықтану лабораториясының меңгерушісі Константин Плахов Қазақстан үшін жолбарыстардың маңызын және бұл жыртқыштар ел аумағында неліктен жойылып кеткендігін түсіндірді.

Тұран жолбарыстары не себепті жоққа айналды

 

Константин Плаховтың айтуынша, жақында Нидерланды мен Ресейден амур жолбарыстары әкелінеді. Мәселе олардың "бізде жойылып кеткен тұран жолбарыстарына генетикалық тұрғыда жақындығында" деді ол.

"Тұран жолбарыстары соғыс уақытына қарай жоғалып кеткен. 1951 жылы бір адам осы жолбарыстың ізін көріп қалған, содан бері ол туралы жазба жоқ", – деді зоолог.

 

Оның айтуынша, бұл түр жыртқыш мысықтардың аумағын басып алып, жерін игерген адамдар кесірінен жойылып кеткен.

 

"Егер бұрын Балқаш маңы мен Сырдарияда (Тұран жолбарыстары мекендеген жерлер – ред.) адамдар сирек қоныстанған болса, кейіннен олар жолбарыстармен азық үшін бәсекелесе бастады. Жолбарыстардың негізгі тамағы – қабандар (жабайы шошқалар). Халық бастапқыда дінге байланысты қабанға қызығушылық танытпады, алайда содан кейін өзге қоныс аударушылар пайда болды, олардың ішінде жабайы шошқаны асқа тұтынатындар байқалды. Олар қарқынды түрде елік пен қабандарды аулай бастады", - деп түсіндірді сарапшы.

 

Оған қоса мұнда адамдар жер жыртып, мал өсіріп, бағып жатты. Мұның бәрі жолбарыс мекендеген территорияның азаюына әкелді.

 

Тұран жолбарыстарының мекені қайда болды

 

"Бұрын бұл жолбарыстар кең ауқымда таралған. Бүкіл жер шары бойынша Үндістанда, Индонезия, Вьетнам, Корея, Қытай және Қиыр Шығыста болған. Жақын өңірлерден – Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанда мекендеген",– деді Плахов.

 

Қазіргі таңда тұран жолбарысы "енді еш жерде жоқ" деп түсіндірді. Бұрын оны теориялық тұрғыда Иранда болуы мүмкін деп ойлаған, алайда ондай " ресми ақпарат жоқ".

 

"Амур жолбарысы суыққа төзімділігімен танымал болғанымен, тұран жолбарысы бізде "Солтүстік джунгли" деп аталатын жерлерде ғана болған – ол Сырдария (дельта) және Іле өзендері, әсіресе Ілені мекен еткен. Бұл еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар үшін қолайлы тіршілік ету ортасы болды", - деп атап өтті маман.

Оның айтуынша, "кез-келген жануардың ерекшелігі бар", сондықтан тура осындай жолбарыс түрі енді мүлдем жоқ.