Bugin
Фото: freepik.com
Астанада 20 жастағы қыздың мәйітін тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары тауып алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"30 қыркүйекте 102-арнасына Майлин көшесінде тыныс алу белгілері жоқ қыз жатыр деген хабар келді. 20 жастағы марқұмның жеке басы анықталды", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.