Bugin
Фото: freepik.com
Синоптиктер 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мамандардың мәліметінше, солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне өз ықпалын тигізеді. Сол себепті ауа райы салқын болады. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады.
Ал 3 қазанда оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, қар болады.
Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіліп отыр.
Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы 2-8 градус аязға дейін төмендейді.