Bugin
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға келген хаттардың бірінде 5 жастағы қыздың анасы сұмдық ақпаратты жазған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Адвокат әлеуметтік желідегі парақшасына хатты жариялады. Хатта 5 жастағы қыздың анасы қызына 13 жастағы жігіттің тиіскенін жазған.
“Қызым даярлық сыныбында оқиды. Бір күні мектептен қайтар жолда 13 жастағы бала алдынан шығып, тастанды үйге алдап алып барған. Қыздың көзінше іш киімін шешкен. Қызым шошып, шыңғырып қаша жөнелген. Қызымды күтіп тұр едім. Ол жылап келді. Болған жағдайды айтты. Ол баланың қара бала екенін, киімінің түсін ғана біледі”, - делінген хатта.
Хат авторы мектеп директорына хабарласып, істің мән-жайын анықтауды сұраған.