Bugin

Павлодарда әйел зейнеткер күйеуін өлтіріп алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Павлодарда әйел күйеуімен жанжалдасып, оны пышақтаған.  Салдарынан күйеуі оқиға орынында қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Пышақ жарақатынан 72 жастағы қария көз жұмды. Полиция қарияның 54 жастағы әйелін ұстады.  Әйел жанжал кезінде осы іс-әрекетке барған. 

"Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Павлодар облысының Полиция департаменті.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әйел мүгедек баласын өлтіргенін хабарлаған едік.