САЯСАТ
Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысында референдум күні таңғы 7:00-ден бастап барлық қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс орталығында 194 қоғамдық көлік қала тұрғындарын тегін тасымалдап жатыр. Жалпы облыста 945 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Кешкі сағат 20:00-ге дейін азаматтар дауыс бере алады.
Айта кетейік, бүгін елімізде АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Референдум жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2-қыркүйек күні Қазақстан халқына арналған Жолдауында мәлімдеген болатын.