САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Bugin.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
6 қазан сағат 07:00-де АЭС бойынша референдум басталды. Алғашқылардың бірі болып премьер-министр Олжас Бектенов дауыс берді.
Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады:
– Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?
Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:
– «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».
Бюллетеньдер екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде басылады.
Елімізде барлығы 10 323 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның ішінде 59 елде шетелдік мекемелерде ашылған 74 сайлау учаскесі бар.