Bugin

Шетелдіктер асырап алған қазақ қызының қазасы туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм/janar_baisemiz

Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсағанын хабарлаған едік. “Шетелдегі қазақ балалары” жобасының жүргізушісі Жанар Байсеміз Динараның өлімі туралы жаңа деректер ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz. 

Динараны 6 жасында америкалық отбасы Қостанайдағы балалар үйінен асырап алған.

"Шетелдегі қазақ балалары" жобасының жүргізушісі Жанар Байсеміз әлеуметтік желідегі парақшасында Динараның өліміне қатысты жаңа дерек болса хабарлайтынын айтты. 

"Кеше Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінен хабарласты. Консулымыз Жүсіп Орынбай ата-анасынан хабар алуға тырысып жатқанын айтты. Динараның суицид жасауына не түрткі болғаны әлі белгісіз. Артына хат қалдырды ма, оны да білмейміз" -  деп жазды журналист.

Жанар Байсеміз көңіл айтып хабарласып жатқан барлық адамға алғысын білдірді.