Bugin

Алматыда 6 мыңнан аса алаяқтық тіркелді: 12 млрд теңге көкке ұшқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда алаяқтар азаматтардың 12 миллиард теңгесін қолды қылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алматы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаров қалалық қоғамдық кеңесте жыл басынан бері шаһарда 6 мыңнан астам алаяқтық фактісі тіркелгенін айтты. Алаяқтардың кесірінен азаматтарға 12 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. 

"Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында полицейлер негізгі критерийлер бойынша халықпен жұмыс жүргізуде – бұл ең алдымен халықтың құқықтық сауаттылығы, БАҚ деңгейінде қолжетімді және түсінікті ақпараттық жұмыс, көшелерде, қоғамдық орындарда, алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы жарнамалық буклеттер. Сондай-ақ алаяқтықтың жаңа түрлері, олардың жасалу жолдары және алдын алу шараларының дер кезінде қабылдануы қадағалануда", - деді Арыстанғани Заппаров.

Еске салайық, бұған дейін Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысы бар 7 адам ұсталғанын хабарлаған едік.