Bugin
Фото: freepik.com
Талдықорған қаласында ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Жетісу облысының полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамды белгісіз біреулер өлтіріп, кейін көлігімен қоса өртеп жіберген. Алайда марқұмның адам қолынан қаза тапқаны әлі расталған жоқ.
"Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сай, өзге ақпарат жариялануға жатпайды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда 16 жастағы баланың кісі қолынан қаза болғанын хабарлаған едік.