Саясат
Әлем туристерінің назарын аудартқан қала жайлы білгіңіз келе ме?
Адам өмірі өте қызық жаратылыс. Дүниеге келу бар және оны лайықты сүру де бар. Кейде сен ойламаған жерден өмірің 180 градусқа кері бұрылып кетуі мүмкін. Алда сені не тосып тұрғаны беймәлім.
1986 жыл 26 сәуір – бұл күн көптеген адам санасында несімен есте қалды деп ойлайсыздар? Кейбіреулер үшін жәй ғана күн болуы мүмкін, ал кейбірі үшін үлкен мәнге ие. Чернобыль АЭС-да болған апатты бәріміз естіген болармыз. Осы апат адамзат тарихындағы ең бір ауыр оқиғалардың бірі. Көптеген адамНың өмірін күрт өзгерткен осы бір оқиға әлі де жанымызды ауыртады. Әсіресе жарылысқа жақын аймақтар түгел жарамсыз күйге енді.
Көп туристердің қызығушылығындағы орын – Припять қаласы. Айта кетсем, Чернобыль және Припять қалалары әртүрлі қалалар, бірақ олар бір-біріне өте жақын. Олардың арасы – 15 шақырым. Чернобыль атом электр станциясы Чернобыль маңында, Припять қаласы электр станциясын салатын қызметкерлер үшін, ал кейіннен электр станциясының қызметкерлері үшін тұру керек болды.
Припять – Чернобыль атом электр станциясынан 3 шақырым қашықтықта, Припять өзенініне жақын орналасқан. Припять қаласында мәдениет үйі, қонақ үйлер, мектеп, балабақша, аурухана, көп қабатты үйлер, дүкендер, тіптен саябақтарға дейін болған. Өкініштісі сол, қазір бұл қаланы ешкім мекендемейді. Жарылыстан соң халық түгелдей эвакуацияланған. Қала түгел мүлгіген тыныштықта. Адам қарауынсыз қалған соң, қала жабайы өсімдіктердің құшағында. Жарылыстағы радиацияның мөлшері қанша жыл өтсе де әлі азайған жоқ. Халықты уақытша өзге аймақтарға қоныстырамыз дегенмен, ол қалаға ешкім түгелдей көшпеген.
Қала халқының біраз уақыттан соң қайтып ораламыз деген үміт оты мәңгілікке өшкен секілді. Арасынан кейбір жасы келген қариялар болмаса, көбі тәуекелге бел байлап, көше қоймаған. Бір күнде өмірлерін өзгерткен қайғылы жағдай адам жадынан ешқашан өшпесі анық. Қарапайым халықты қауіпсіз жерге қоныстандырғанымен, бұл жақтағы жұмыстың нағыз қайнаған ортасында "ликвидаторлар" жүрді. Қиын-қыстау замандарда өз бастарын бәйгеге тіккен жандар ерен ерліктің белгісін көрсетті, сол үшін біз олардың алдында қарыздармыз.