Bugin

Еліміздегі бір қалада алдағы күндері қар жауады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астанада алдағы күндері қар жауады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Синоптиктердің болжауынша, Астана қаласында 11 қазанда жаңбыр жауып, кешке арты қарға ұласады. Ауа температурасы күндіз 8-10 градусқа дейін күрт төмендейді. 

12 қазанда қар жауып, бұрқасын соғуы ықтимал. 11 қазанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, 12 қазанда екпіні 17-22 м/с жетеді. Түнде минус 2-4 градус, күндіз 0-2 градус.