Bugin
Фото: инстаграм @abdulla_kz_kz
Әлеуметтік желіде Талғардағы 16 жастағы баланы өлтіргендер туралы тың ақпараттар тарап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Abdulla_kz_kz инстаграм парақшасына талғарлықтар тоқтаусыз хат жолдауда. Олардың айтуынша, жасөспірімді өлтіргендер Хасан деген 40-50 жас шамасындағы ер адамның тобы екен. Тіпті олардың есімін естісе, істің бәрі жылы жабылатын көрінеді.
Әрі Талғардағы Рысқұлов ауылы кеңінен сөз болуда. Жазбалардағы мәліметке сүйенсек, бұл ауыл "Хуторский" не "Бригада" деп аталады екен. Ал оларды Хасан басқаратын көрінеді. Хат авторлары Талғардағы ішкі істер органының біраз азаматтары Хасанның қарамағында деп отыр. Ол кәсібін дөңгелетушілерді қорғауына алып, ақша алып тұрады екен.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда бір топ ер адам 16 жастағы баланы пышақтап өлтіргені туралы хабарлаған едік.