Bugin
Фото: freepik.com
Қазгидрометтің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде циклонның әсерінен жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Апта соңына қарай ауа температурасы да төмендейді деп болжанды.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде +7–9°С, күндіз +18–20°С.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде +10–12°C, күндіз +22–24°C.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күннің соңында жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +10–12°С, күндіз +26–28°С.