Bugin
Фото: freepik.com
Алматыда әйел ер адамды өртеп жіберді. Жәбірленуші қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полиция департаменті ақпаратты растады. Желіде алматылық қарттың өрттен көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жайтқа қалалық полиция департаменті өкілдері түсінік берді.
"Медеу аудандық полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 11 жастағы қызды 38 жастағы ер адамның зорлағанын хабарлаған едік.